ALASH ET: бір дерекқор, сегіз кабинет

Мобильді қосымша мен портал екі бөлек бағдарлама емес. Бұл бір жүйе: телефонда да, компьютерде де сол логин, сол деректер. Кассир телефонда сатқан сәтте иесі компьютерде сол сатылымды көреді.

Төмендегі картадан рөлді басыңыз: ол не істейді, нені көрмейді, кіммен байланысады.

8кабинет, әрқайсысы өз логинімен
1ортақ дерекқор, бәрі сонда
2тіл: қазақша және орысша

Кабинеттер және олардың байланысы

Әр кабинет тек өз бөлігін көреді. Деректер кабинеттен кабинетке тікелей емес, ортадағы дерекқор арқылы өтеді, сондықтан ешкім ештеңені қолмен жібермейді.

Сұр сызық: кабинет дерекқорға жазады және одан оқиды. Қызыл сызық: таңдалған рөлмен тікелей жұмыс байланысы.

Ет жолы: тұшадан сатылымға дейін

Бір күндік жұмыс осылай жүреді. Әр қадамда кім жауапты екені жүйеде жазылып тұрады.

    Портал дегеніміз не

    Портал жеке сервер немесе жеке дерекқор емес. Ол сол қосымшаның компьютердегі браузерде ашылатын нұсқасы. Сондықтан порталда не өзгертсеңіз, телефонда бірден шығады, керісінше де солай.

    Телефондағы қосымша

    Күнделікті жұмыс: кассир, қасапшы, жеткізуші, клиент.

    Барлық кабинет телефонда ашылады, iPhone және Android.

    Компьютердегі портал

    Үлкен экранда есеп пен басқару: иесі, бухгалтер, маркетолог.

    Логин мен деректер телефондағыдай.

    Сыртқы дүкен сайты

    Логинсіз каталог пен тапсырыс беру беті. Жеке домен қосуға болады (мысалы alashet.kz).

    Клиент тіркелмей-ақ тапсырыс береді.